Атырау, 25 қараша 01:55
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ИМ Кобанидегі позицияларынан айырыла бастады

1 378 просмотра

Сирияның Түркиямен шекарасындағы Кобани қаласын радикалды "Ислам ұйымының" содырларынан қорғап тұрған күрдтердің әскери басшылығы "экстремистер қаланың жекелеген аудандарынан шығарыла бастады" деп хабарлады.

Соңғы деректерге қарағанда, халықаралық коалиция күштері жасап жатқан әуе соққыларынан содырлар шегініп, қазір олар қаланың 20 пайызға жуық аумағын ғана ұстап отыр.

Мұның алдында содырлар Кобанидің 40 пайызын басып алды деген ақпарат болған еді. АҚШ бастаған коалицияның әуе күштері соңғы күндері "Ислам мемлекетінің" позицияларын бомбалауды күшейткен. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, 15-16 қазан күндері әуеден 14 соққы жасалған.

Пентагон бұған дейін әуе шабуылдарынан жүздеген содырдың мерт болғанын мәлімдеп, бірақ әлі де қаланы содырлар басып алуы мүмкін екенін ескерткен.

Дереккөз: Азаттық радиосы

17 қазан 2014, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.