Бүгін, 16 қазанда сағат 14-те жол қызметкерлері орталық көпір бойындағы көлік қозғалысын жауып тастады.
«Атырауинждорстрой» ЖШС техникалық директоры Валерий КУДРЯКОВхабарлағандай, көпір екі тәуліктен кейін ашылады. Осы уақыт бойына ескі асфальтты қопсытып және жаңасын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
– Көпірдің асфальт жабынын жөндеу жұмыстарын асықтыруға болмайды, тігістерін мұқият жымдастыру керек және т.б., - деп түсіндірді В.Кудряков.
Биылғы жылда жол жөндеу науқаны барысында орталық көпір бірінші рет жабылып отырған жоқ. Маусымда көпір етегіне асфальт-бетон төсеген кезде оны жауып тастаған еді. Сол кезде көпірден өтетін автобус маршруттары Әлиев – Сатыбалдиев көпірімен жүрген болатын.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ