«Ислам мемлекеті» радикалды ұйымының содырлары Ливияда лаңкестік топтар арасында халықаралық турнир өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды RT телеарнасы.
Біріншілік Жерорта теңізінің жағалауындағы лаңкестер бақылайтын Дерна қаласында өтеді. «Экстремистік лига» матчтарына әртүрлі елдерде соғысып жатқан радикалдар «тәкфіршілер» шақырылған. Мұнда Ливиядағы лаңкестерден бөлек, Ауғанстан, Мысыр, Ирак және Сириядан лаңкестер келеді деп жоспарланып отыр.
Лаңкестік турнирге қатысушылар өз ережелерімен, яғни, шариғаттың заңдарына қайшы келмейтін ережелермен ойнайды. Біріншілік радикалдық бағытты насихаттауға және экстремистер сапына жастарды көптеп тартуға бағытталған.
«Ислам мемлекеті» турнирдің ұйымдастыру комитетін құрып, оның құрамын бұрын футболшы болған содырлардан жасақтаған.
Дереккөз: bnews.kz