Атырау, 18 мамыр 21:42
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Прокурор машинасының жүргізушісі сау болған»

2 847 просмотра

Бұған дейін хабарлағанымыздай Құрбан айтта ажал құшты»), 4 қазанда Атырау қаласында Атырау-Астрахан трассасы бойында орналасқан мал базарының маңында УАЗ жүк машинасы мен облыс прокуратурасының «Тоуоtа Аvensis» қызметтік автокөлігі соқтығысып, нәтижесінде бір жаяу жүргінші қаза болып, екіншісі облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілген болатын.

Облыс прокуратурасы 2-басқармасының басшысы Балнұр ЕСЕНГЕЛДИНОВ хабарлағандай, факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-тармағы («Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соғуға әкелген жол қозғалысы ережелерiн бұзуы») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

- Қазіргі уақытта осы іс бойынша анықтау жұмыстары жүріп жатыр, сараптама тағайындалды, жүргізушілердің кінәлілік дәрежесін белгілеуге бағытталған басқа да шаралар қабылдануда. Іс материалдарына жүгінсек, қызметтік көлік жүргізушісі көлік құралын сау жағдайда жүргізген. Оның жауаптылығы жөніндегі мәселе ведомстволық тексеру нәтижесі бойынша қаралады.

Облыстық аурухананың травматолог дәрігері Руслан ҚАПАНОВТЫҢайтуынша, ЖКО-де зардап шеккен адамның өміріне еш қауіп жоқ, ол жан сақтау бөлімінен травмотологиялық бөлімге ауыстырылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 қазан 2014, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.