Атырау, 27 қараша 17:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

2015 жылдың бюджеті азаяды

2 567 просмотра

Облыс бюджетіндегі өзгерістер облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХVI сессиясындағы күн тәртібінің басты мәселесі болды.

Облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА хабарлағандай, мемлекеттік сатып алулар барысы мен игерілмеген қаржылардан үнемделген болжамды сома биылғы жылы 3,8 млрдтеңге шамасын құрайды. Олар 2015 жылы қа    йтадан, негізінен жол құрылысына бөлінетін болады. Атап айтқанда: Атырау – Индер көлік жолын күрделі жөндеуді жалғастыруға; облыстық маңыздағы құрманғазы ауданындағы «Ганюшкин – Приморье – Утера – Котяевка – Шортанбай» жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға; Махамбет ауданындағы Сарайшық селосы мен Мақат ауданының Бәйгетөбе селосына кірер жолды күрделі жөндеуді жалғастыруға; Махамбет ауданының Ортақшыл, Алға селоларына кірер жолдар мен поселкеішілік жолдарды күрделі жөндеуді жалғастыруға; Индер ауданындағы Бөдене, Жарсуат, Құрылыс ауылдарына кірер жолдар мен поселкеішілік жолдарды күрделі жөндеуге; Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылына кіретін жолды күрделі жөндеуге; облыстық маңыздағы Құрманғазы ауданындағы Дәулеткерей-Алға көлік жолын күрделі жөндеуге бөлінбек.

Сонымен қатар, Кисловодскдегі «Қазақстан геологы» пансионатын күрделі жөндеуге 195 млн теңге және облыстың бүкіл аудандарына үлкен футбол алаңдарын салуға 216 млн теңге бөлінеді. Мақат, Махамбет, Исатай және Құрманғазы аудандарындағы жаңа үйлерді электрлендіруге 60 млн теңге бөлінетін болады.

А. Әжіғалиевабылай деп ескертті:

Келер жылы облыстық бюджеттен республикалық бюджетке алып тастау көлемі төрт есеге көбейіп,60 млрд теңгені құрайды. Сондықтан көптеген бағдарламаларды қаржыландыру қысқаратын болады. Ағымдағы жылда қаржыны көбірек игеруге тырысу керек...

Содан соң биылғы жылы қосымша қаржы бөлінген нысандарды санамалап шықты.

– Индер ауданындағы Аққала, Құрылыс, Ынтымақ ауылдарынан су тазарту қондырғыларын салуды жалғастыруға -  250 млн теңге, «Достық үйі» құрылысын аяқтауға – 72,7 млн теңге; облыстық ІІД үшін байланыс құралдарын, бронежилеттер мен камуфляж құралдарын алуға – 509 млн теңге; жүн өңдейтін цех салуға – 485 млн теңге; шаруа қожалықтары үшін суару жұмыстарын субсидиялауға – 41 млн теңге; мал шаруашылығын субсидиялауға – 51 млн теңге; «Ауыл шаруашылығын несиелеу қоры» арқылы аграршыларды несиелеуге – 157 млн теңге; Исатай ауданындағы 10 үйдің құрылысын аяқтауға – 87 млн теңге; облыс мектептеріне арналған оқу құралдарын алуға – 340 млн теңге; «Қазақстан геологы» пансионатының материалдық базасын жақсартуға – 25,5 млн теңге; мәдени-бұқаралық шараларға – 117 млн теңге; Қызылқоға ауданындағы Мұқыр селосына мектеп автобусын алуға – 7 млн теңге бөлінді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 қазан 2014, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.