Атырау, 3 қазан 05:22
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Педофил қолға түсті

2 464 просмотра

Индер ауданы Индербор поселкесінде 37 жастағы жергілікті тұрғын 4 жасар қызды азғындатуға әрекеттенген.   

Ол көшеде ойнап жүрген балаларға балмұздақ сатып әперіп, қыз баланы үйінің моншасына алдап апарған. Сол жерде оны күшпен шешіндірген, оған көнбеген баланы арқасынан ұрған. Осы сәтте полиция қызметкерлері іштен құлыпталған моншаның есігін бұзып кіріп, қаскүнемді ұстаған.

Бүгінде оның  үстінен ҚР ҚК 125-бабы 2-тармағы «д» тармақшасы бойынша («Көрінеу кәмелетке толмаған баланы ұрлау») қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сәбидің денесінде жеңіл дене жарақаты бар. Сараптама жұмысы жүріп жатыр, - дейді Индер АІІБ тергеушісі Аслан БАЙДОЛЛА. - Күдікті аудандық соттың шешімімен екі айға қамауға алынды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 қазан 2014, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.