Қытай бүгінге экономикасы сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі (СҚП) бойынша АҚШ экономикасын басып озды және осы көрсеткіш бойынша бірінші орынға шықты, - деп жазады "Российская газета" Financial Times газетіне сілтеме жасап.
Қытайдың сатып алу қабілетінің тепе-теңдігімен есептелген жалпы ішкі өнімі 17,6 триллион долларға жетті. АҚШ көрсеткіші 17,4 триллион доллар. Бұл көрсеткіштер Халықаралық валюта қорының баяндамасына негізделген деп жазылған басылымда.
Басылым, осылайша, 2014 жылдың қорытындысы бойынша, Қытай ресми түрде әлемдегі ең ірі экономикаға айналады деп болжады.
Британ газеті құрамына Бразилия, Үндістан, Индонезия, Қытай, Мексика, Ресей және Түркия елдері кіретін жаңа "үлкен жетіліктің" пайда болғанын белгілеп отыр. Бұл елдер СҚП бойынша есептелген жалпы ішкі өнімде Үлкен жетілік - Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, АҚШ, Франция және Жапония елдерін озды. Демек, 37,8 триллион доллар 34,5 триллион долларға қарсы.
Financial Times мамандары бұл мәліметтерді әлемдік аренадағы күштер тепе-теңдігінің шұғыл өзгеріске ұшырайтынын көрсетіп отыр: "Енді рейтингтің бірінші жиырмалығының жарты позициясын экономикасы дамушы елдер алады".
Халықаралық валюта қоры мәліметінше, Қытайдың жалпы ішкі өнімі 1980 жылы америкалық көрсеткіштің оннан бір бөлігіндей болған. 2020 жылға жалпы ішкі өнім АҚШ көрсеткішінен 20 пайызға асып түсуі мүмкін. 1980 жылы Қытай экономикасының өсуі орташа 9,8 пайызға, ал АҚШ экономикасының өсуі 2,7 пайызға тең болған.
Қытай халқының жан басына шаққандағы ел экономикасының көлемі бұрынғыша АҚШ жалпы ішкі өнімінің төрттен бір бөлігіне тең деп жазады "Вести.Экономика".
Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі қазіргі нарық курсын емес, белгілі бір тауар мен қызметті сатып алу мүмкіндігіне қарай валюталардың өзара қатынасын есепке алады.
Дереккөз: tengrinews.kz