Атырау, 23 қараша 10:25
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еңбек қауіпті бола бастады

2 098 просмотра

8 қазанда облыстық әкімдікте болған жиналыста облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ кәсіпорын басшыларын қалыпты еңбек жағдайын жасап, алға қарай өндірістік жарақаттанудың алдын алуға шақырды.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Салауат ИШАЙДЫҢ айтуынша, жыл басынан бері облыс кәсіпорындарында 17 жарақаттану оқиғасы тіркелген. Ол мысал келтірді:

21 маусымда ТШО-ның мердігері «Денхолм Жолдас» ЖШС-тің R-402 қондырғысында 14 метр биіктіктен жұмысшы А. Төлегенов құлап кеткен. Жұмысшы тұрған платформа қатайтылған бұрандалар жерде жатты. Төлегеновтың қабырғасы сынып, өкпесі зақымданып, жамбас сүйегі жарылған. Тергеу нәтижелері бойынша жұмыс берушінің кінәсі 100%-ға расталды.

Бұл «Денхолм Жолдас» ЖШС-тегі бірінші биіктіктен құлау оқиғасы емес. Өткен жылдың 27 маусымында ТШО зауыты аумағында екі саты құрушы бақытсыздық жағдайына ұшырады, олар 6 метр биіктіктен құлап, өмір бойы мүгедек болып қалды.

- «КазСтройСервис» АҚ-да бұдан да кем емес қауіпті жағдайлар орын алған,- деп жалғастырды С. Ишай.

30 шілдеде автоматтандырылған бетон араластыру желісінде жұмыс кезінде машинист Б. Досболғанов қолын жарақаттады. Тергеу нәтижелері бойынша жұмыс берушінің кінәсі 100%-ға расталды.

29 тамызда КТК-ның Ганюшкино ауылындағы кеңейту жобасының құрылыс алаңында монтаждау кезінде сэндвич-панельдер құлап, нәтижесінде «КазСтройСервис» АҚ монтаждаушысы Д. Көптілеуов жамбасын сындырып алды. Комиссия жұмыс берушінің кінәсі - 60%, қызметкердікі - 40 % екенін анықтады.

21 маусымда АМӨЗ-дегі каталитикалық риформинг қондырғысын монтаждау кезінде «КазСтройСервис» АҚ монтаждаушысы Б. Сатеев өзін жайсыз сезініп, ауруханада қайтыс болды. Кейін анықталғандай, жұмысшы бұрыннан созылмалы өкпе ауруымен ауырады екен. Комиссия жұмысқа қабылдау кезінде медициналық тексеру атүсті жүргізілген деп қорытынды шығарды.

С. Ишай келеңсіз компаниялар ішінен«Ақжайық-7» ЖШС кәсіпорнын да атап өтті.

7 қаңтарда Құлсары қаласындағы «Ақ-Жайық-7» ЖШС-нің жөндеу ангарында вагон-цистернаны жөндеу кезінде жарылыс болды, нәтижесінде электрмен дәнекерлеуші И. Дүйсебаев беті мен қолын күйдіріп алды. Қайғылы оқиға мұнай қалдықтары қалып қойған вагонның құю аспабын дәнекерлеп жатырған кезде орын алған. Комиссия жұмыс берушінің кінәсі - 80%, қызметкердікі - 20 % екенін анықтады.

- Жұмыс берушілер өндірісте бақылауды күшейтіп, жауапты тұлғаларға жұмысты орындауға жіберетін рұқсат қағаздарды ресімдеуді талап ету қажет. Еңбек қауіпсіздігі бойынша оқыту мен білімдерін тексеруді үнемі өткізу керек,- деп қорытындылады С. Нақпаев.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 қазан 2014, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.