КСРО-ның алғашқы және соңғы президенті Михаил Горбачевтың денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсті, деп жазады Росбалт. Бұл туралы ол өзі жаңалықтар қызметіне хабарлаған.
Оның айтуынша, ауруханаға түсер алдында денсаулығы күрт нашарлап кеткен.
«Соңғы бір аптада біресе жақсарып, біресе нашарлап құбылып тұрды. Қазір ауруханадамын. Мониторингте жатырмын», - дейді Горбачев.
Сондай-ақ, ол денсаулығына байланысты Нобель апталығын толық бақылай алмайтындығына қынжылыс білдірді.
Айта кетейік, М. Горбачев 1990 жылы Әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты атанған.
Дереккөз: BAQ.KZ
В Атырау +2