Атырау, 25 қараша 00:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Пан Ги Мун: БҰҰ бүкіл әлемде өлім жазасын тоқтатуға қол жеткізеді

2 410 просмотра

10 қазанда аталып өтілетін Дүниежүзілік өлім жазасына қарсы күні қарсаңында жолдаған видеоүндеуінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун барлық мемлекеттерді өлім жазасынан бас тартуға немесе өлім жазасының орындалуына мораторий енгізуге шақырды, деп жазады Росбалт.

Пан Ги Мун 7 жыл бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясы  өлім жазасына мораторий енгізу тәжірибесін кеңейту резолюциясын қабылдағаннан кейін бірқатар мемлекет  мұндай жаза қылмыс деңгейінің төмендеуіне әкелмейтінін мойындағанын атап өтті. БҰҰ басшысы адамның өмір сүру құқы бар екенін айта келе, бұл жазаның орындалуы кезінде сот жүйесінің кез келген қатесі орны толмас қайғыға соқтыратынын атап өтті, деп хабарлады БҰҰ ақпарат орталығы.

БҰҰ Бас хатшысы Факультативті хаттаманы ратификацияламаған мемлекеттерді бұл істі тездетуге шақырды. Ол биыл 15 желтоқсанда бұл хаттаманың 25 жылдығы (1989 жылдан бері) тойланатынын атап өтті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

10 қазан 2014, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.