Атырау, 27 қараша 17:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атыраулықтарға Ақтаудан - махаббатпен (Бейнежазба)

3 427 просмотра
 

Ақтаулық жігіттер кез-келген атыраулықтың жүрегіне жылы тиетін күтпеген жағымды сыйлықты – «Мен Атырауды сүйемін» деп аталатын біздің туған қаламыз туралы үш минуттық бейнежазбаны тарту етті.

«Экспедиция +362» – бұл екі жылдан бері туған өлкемізге саяхат жасап, бейнежазба мен суретке түсіріп жүрген Маңғыстау жастарының тобы. Олар бастапқыда тек Маңғыстау аумағына ғана шығып жүрген.

– Біз демалыс күндері шығып, серуендеп келетінбіз, бұл өзіміздің уақытты белсенді өткізу әдісіміз болатын, - деп әңгімелейді өзіндік патриоттар қозғалысының негізін салушылардың бірі Олжас МЫРЗАҒАЛИЕВ. – Түркіменстанмен шекараға шығып келетінбіз. Қыста Маңғыстаудың шағын құла даласы Сенек құмдарына, Саура көліне шығып түнейтінбіз, Үстірт жазығын зерттейміз... Жерлестерімізге, әсіресе жастарға Ақтаудың төңірегінде бүкіл әлемге танымал Гранд құзы немесе Монументтер алқабынан да әдемірек жерлер бар екенін көрсеткіміз келді...

Осылайша «Экспедиция +362» дүниеге келді. Сапарда жүрген кезде олар түсірілген суреттерді әлеуметтік желілерде жариялады, адамдар шынымен де туған өлкелеріне қызығушылық таныта бастады. Алғашқы шыққан кезде (немесе оны өздері пикник деп атайды) тек достары ғана емес, ниет білдірушілердің барлығы қатысып, экспедициямен бірге 10 адам шыққан. Келесіде 50 адам болыпты. Сөйтіп бұл хоббиға айналды - әдетте, айына екі рет олар қала сыртына шығып, желіге бейнежазба мен фотосуреттерін салады. Олар Вконтакте желісінен ашқан топтарына өз мақсат-мұраттарын былай деп тұжырымдаған: «Біз ғажайып жерде тұрамыз. Адамдар керемет өлкені – таңғажайыпқа толы Маңғыстау жерін көріп, бағаласын!».

Өз қалаларына сыйлық ретінде мұнайшылар мен бизнесмендерден басқа, кәсіби фотографтар, операторлар, журналистер, тіпті классикалық білімі бар суретшісі бар топ «Сені сүйемін Ақтау» бейнеролигін монтаждап шыққан. Бейнежазбаны Ютубта 25 мыңдай адам қарап, ол қаланың визуалды кәртішкесіне айналған. Саяхат шекарасын кеңейтіп, бүкіл Батыс Қазақстанды зерттеу идеясы туындаған кезде олар бағыттарындағы қалалардың әрқайсысы үшін осындай ролик жасауды ұйғарды. Бірінші кезек Атыраудың тиді. Олар жолсызбен жүретін үш көлікпен шығып, 2 қазанда бізге келді. Алмалыда өзен жағасына лагерь ұйымдастырып, шатырлар тікті, қармақтарын алып, балық аулауға шықты.

- Үш сазан ұстадық – мынадай! – бірнеше жұп қол құлаштап сермелді. – Біреуі 8 келі!

Балық аулаған сәттерін түсірген бейнежазбаны көрсетті. Қатты қызықтым, демалыс деп осыны айт. Батыстың негізгі 3 қаласы – Атыраудан кейін Орал мен Ақтөбеше саяхаттау үшін олардың 2 апта уақыттары мен әрқайсысының шамамен 150 мың теңгеден бюджеті бар. Жігіттер қолайлы жағдай таңдап жатпайды: көбінесе кереуетте жылы жерден гөрі жерде қаптөсекте ұйықтайды.  Тамақты негізінен өздері ұстаған балықтарын немесе қалбырдағы ет пен балықтан өздері отта дайындайды.

– Бұл да бір осындай саяхаттың қызықты бөлігі, – дейді Олжас.

Атырауда экспедиция Қала күнін тойлап, Орал қаласына кетті. Мультикоптермен құс жолындағы биіктіктен түсірілген бейнежазбаны сол жерде монтаждапты. 

– Атыраудың бүкіл көрнекі жерлері роликке енбеді. Түсірілім жасауға уақыт аз болды. Бар болғаны үш күніміз болды, таңертеңнен қас қарайғанша жұмыс істедік. Алайда біздің бейнежазбамыз Атырау тұрғындарына ұнайды деп үміттенеміз, – деді оны жасаушылар Ерлан мен Ержан ЖҰМАЕВТАР, Қуаныш ҚАРЖАУБАЕВ, Олжас Мырзағалиев, Сауыт ҚҰСАЙЫНОВ, Артур ШАРЫГИН, Әнуар МҰҚАШЕВ.

– Ал неліктен 362 деп қойдыңыздар?

– Бұл Маңғыстау үшін киелі сан деуге болады, ол жерде 362 әулие жерленген деп есептеледі. Сондықтан осы цифр терілетін телефон мен көлік нөмірлері кең таралған. Кейде Ақтауды «362-ші қала» деп атайды.

+362 экспедициясының басқа фотосуреттері мен бейнежазбасын Вконтакте тобынан – https://vk.com/plus362 , Instagram-нан – http://instagram.com/plus362kz және www.plus362.kz сайтынан көруге болады.

 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген автор
9 қазан 2014, 21:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.