Атырау, 3 қазан 05:19
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Исатай ауданындағы көлік апатынан 4 адам қаза болды

3 098 просмотра

9 қазанда шамамен таңертеңгі сағат 8.30-да Атырау – Астрахан тас жолында төрт адамның өмірін қиған көлік апаты орын алды.

Исатай ауданының Жанбай поселкесінде «Фольксваген-Шаран» мен «Тойота-Камри» көліктері бетпе-бет соқтығысып қалды. ІІД ӘПБ бас инспекторы Қайрат ӘБДІҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, апат болған жерде минивэннің 52 жастағы жүргізушісі, 73 жастағы және 14 жастағы жолаушысы, сонымен қатар 67 жастағы Тойота жолаушысы қайтыс болды. Тойота жүргізушісі мен оның тағы екі жолаушысы түрлі жарақаттармен Аққыстау селосының ауруханасына жатқызылды. Апатты тергеумен Исатай АІІБ айналысуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 қазан 2014, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.