Атырау, 25 қараша 01:03
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аксеновті Қырым басшысы етіп сайлады

1 530 просмотра

Қырым парламенті Сергей Аксеновті (ортада) аймақ басшысы етіп сайлады. Симферополь, 9 қазан 2014 жыл. Қырым парламенті Сергей Аксеновті (ортада) аймақ басшысы етіп сайлады. Симферополь, 9 қазан 2014 жыл. Ресей Украинадан аннексиялап алған Қырым парламенті бүгін Сергей Аксеновті бірауыздан түбек басшысы етіп сайлады. Аксеновті қолдап 75 депутаттың барлығы дауыс берді.

41 жастағы Аксенов Қырымды сәуірдің ортасынан бері басқарып келеді. Одан бір ай бұрын, яғни наурыз айында Ресей түбекті қосып алған еді. Аксенов - Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович биліктен кеткен соң басталған Қырымды аннексиялау процесінде маңызды рөл атқарған адам. 

Украина Ресей тартып алған Қырым түбегін әлі де өз территориясы санайды және Ресей билігі өткізген референдум мен сайлау атаулыны заңсыз деп есептейді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

9 қазан 2014, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.