Атырау, 3 қазан 05:30
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Қылмыс хроникасы

2 499 просмотра

Полицияға 19 жастағы қыз шағымданды. 2 қазанда сағат 12-де 4-ші ықшамауданда оған ер адам шабуыл жасап, сөмкесін тартып алмақ болған. Суреттеуі бойынша Еркінқала поселкесінің 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Оған бірнеше минуттан соң Авангардағы үйдің подъезінен 49 жастағы әйел адамға шабуыл жасап, оның қолынан пәтерінің кілтін тартып алмақ болды деген айып тағылып отыр. Күдікті басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Полицияға Атырауда уақытша тұратын Тараздың 48 жастағы тұрғыны шағымданды. 1 қазанда Азаттық бойындағы кафелердің бірінде оның сөмкесінен 230 мың теңге ұрланыпты. Ұрлық жасады деген күдікпен Азаттық даңғылының бойындағы үйлердің бірінің тұрғыны ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Қазанның 2-сінен 3-іне қараған түні Құрманғазы ауданының Алға селосында 51 жастағы жергілікті тұрғын мас күйде көршілеріне келіп, жанжал шығарған. Ұрыс-керіс барысында ішімдік ішкен сол үйдің 48 жастағы қожайыны  «қонағына» бірнеше рет пышақ салып алады. Ол адам сол жерде көз жұмған. Күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 96-бабы («Қасақана кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

 

Қазанның 5-інде күндіз Нұрсая коттедж секторындағы үйлердің бірінің ауласында мерекелік киіз үй өртеніп кетті. Жалынның күшті болғаны сондай. Коттедждің терезесі мен қазандық төбесіндегі металл жабынқышы еріген. Екім зардап шеккен жоқ. Өрт сөндірушілер өртті сөндірді. Өрт шығу себебі анықталуда.

9 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.