Атырау, 27 қараша 17:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жауын салдарынан пәтерлер суға кетті

2 929 просмотра

Өткен дүйсенбіде, 29 қыркүйек күні жауған алғашқы күзгі жауын салдарынан Авангардтағы бес қатарлы жеті үйдің жоғарғы қабатындағы пәтерлердің төбесінен су кетті. Осы үйлердің бәрінде қазір тұрғын үйді терможаңғырту бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жүріп жатыр.

- Таңертеңнен бастап төбе суланып, кейін тамшылап аға бастады, - дейді редакциямызға хабарласқан 3-ықшамаудандағы №43 үйдің тұрғындарының бірі. – Көршілерімізде де осындай жағдай. Бәрі де шатырды жабуды өте кеш бастағандарының кесірі. Ағаштан қаңқасын тұрғызды да, шатырды әлі төсеген жоқ. Күзді күтіп не керек еді, жұрттың бәрі зардап шегіп, жұмыстар атүсті жасалсын деді ме екен?

«Әнуар-Авангард» ПИК-інің төрағасы Людмила ШАРОВАТОВАНЫҢ айтуынша, осы күні ПИК-ке 7 үйдің 70 пәтер иесі хабарласқан.

- Бұл 2-ықшамаудандағы №2 «д», 3-ықшамаудандағы №№ 37, 39, 41, 42, 43, 75 үйлер. Бәрінде де бірдей жағдай. Күрделі жөндеу жүріп жатыр, құрылысшылар екі қанатты шатырдың ағаш қаңқасын салып қойып, жабуға үлгере алмай қалды. Төбеден аққан су тек 5-қатарда тұратындардың пәтеріне ғана емес, қатты құйылғаннан олардың астында тұратын тұрғындардың пәтерлерін де бүлдірген. Біз жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер үш ұйыммен сөйлестік, олар су кеткен үйлерді жөндеуге көмектесетіндерін айтты.

«Алгоритм Орал» ЖШС (мердігерлердің бірі) директоры Мұхит ДӘКЕНОВТЫҢ айтуынша, үш құрылыс-жөндеу ұйымында да бір проблема екен:

- Жұмыстар белгіленген мерзімдер бойынша жүріп жатыр. Біз жөндеу жұмыстарын тұрғындар шартқа қол қойғаннан кейін шілде айында бастадық. Сіздер бізден төбені жабуды неге кеш бастадыңыздар, жазда жасауға болмады ма деп сұрайсыздар. Онда неге адамдар шарттарға қол қоюды ұзартып жіберді? Бұл - бірінші мәселе. Екінші: шатырға керекті материалды біз Ресейден тапсырыс беріп алдыруға мәжбүр болып отырмыз, өйткені, жобада көрсетілген материал (біз жұмыстарды жобаға сәйкес жасаймыз) Қазақстанда жоқ. Шатыр қаңқасын құруға қажетті ағашты Удмуртиядан, шатырды Челябинскіден алдыртамыз. Челябинскіден оны жаймалау үшін Қарағандыға жібереміз. Содан кейін ғана өзімізге қажетті материалды аламыз. Осыған байланысты шатыр жазда емес, күзде жабылады. Қазір материал келді, жауып жатырмыз. Қазіргі уақытта үйлердің шатыры бойынша 80% жұмыс орындалды, қазан айының ортасына дейін түгелдей жабамыз. Жауынның кесірінен төбесінен су аққан пәтер тұрғындарының барлығына өз қаржымызбен жөндеу жұмыстарын жасаймыз.

Тамара СУХОМЛИНОВА

9 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.