Атырау, 27 қараша 18:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қаңтардағы жағдай қайталанбайды

1 896 просмотра

7 қазанда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ (ҚТГА) өндірістік филиалында кәсіпорынның бас инженері Еркебұлан КЕНЖЕҒАЛИЕВТЫҢ қатысуымен жылу беру маусымының басталуына байланысты брифинг өтті.

-Өткен жылу беру маусымында облыстың газдандырылған елді мекендерінде табиғи газға байланысты 24 бақытсыздық жағдайы орын алды, - деді Мусаев.

Қайғылы жағдайлардың негізгі себебі үйлердің түтін шығатын тұрбаларының бітеліп қалуы болып табылады, тұрбалар қысқа әзірленіп, тазаланбаған. Сонымен қатар, құрылыс нормаларына сәйкес келмейтін, көппәтерлі үйлердің сыртынан шығарылған, үйлердің сыртқы түрлерін бұзып тұратын тұрбалар да кездеседі. Уланулар мен жарылулардың жылыту аспаптарын қауіпсіздік ережелерін сақтамай қолданудан, оларды өз беттерінше қосу немесе орнын ауыстыру, қолдан жасалған газ жабдықтарын пайдаланудан болғаны анықталды.

-Өткен жылдың қаңтар айында болғандай газ қысымының қыста төмендеп кетпеуі үшін не жасалды?

- Бұл оқиға «Финская» АГТС сүзгісі «Атырау» магистралды газ құбырлары басқармасы жүргізген жөндеу жұмыстарынан кейін татқа, дәнекерлеу кезінде түскен ерітінділерге және басқа да қоқыстармен толып қалу себебінен орын алды. Осы жазда біз «Финская» АГТС-тің жылу алмастырғышын, сүзгілерін, ысырмасы мен редукторларын ауыстырдық. Қаңтарда болған жайт қайталанбайды.

- Жыл сайын қайталанатын құбылыс – Атырау магистралды газ құбырларын жөндеу кезінде бірнеше күн газсыз отырады. Бұл шараларды тұрғындарға қолайлы мезгілдерде жасауға болмай ма?

- Қазіргі уақытта ҚТГА Атырау қаласы газ құбыры желісінің оң жақ және сол жақ бөліктерін айналымға айналдыру жұмыстарын бастады. Екі жақты қосатын құбыр «Финская» АГТС пен «Орбита» АГТС арасында Береке мен Томарлы ауылдарының аумағында жатады. Құбырды салу жұмыстары аяқталғаннан кейін қала газ құбырларын жөндеу мерзімдерінен тәуелсіз болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.