Атырау, 3 қазан 03:37
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Аудан жаңалықтары

1 547 просмотра

ТШО-ның тартуы

Жуырда «Теңізшевройл» компаниясы Жылыой аудандық ауруханасына үш жедел жәрдем мен микроавтобус көлігін демеушілікпен сыйға тартты.

Өткен жылы ТШО «Реанимобиль» көлігін алып берген болатын.

***

 

«Нұршуақ» есік ашты

Қызылқоға ауданы Миялы селосындағы бұрынғы аурухана қайтадан жөндеуден өтіп, балабақшаға айналды.

250балалықүш қабатты«Нұршуақ» балабақшасы жуырда ашылды. Күрделі жөндеуден өткізілген ғимараттағы он бөлме заманауи талаптарға сай жабдықталған.

***

 

Сағызда жаңа көпір

Сағыз ауылын қақ жарып тұрған теміржолдан өту тұрғындарға қиындық туғызатын. Биыл жаяу жүргіншілер көпірінің алғашқы қадасы қағылды.

Биіктігі 8, ұзындығы 160 метр болатын көпір құрылысын «Мирас» ЖШС жүргізуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.