Атырау, 27 қараша 17:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Құрманғазылықтар - жартылай финалда

1 417 просмотра

Атырау облысының өкілі республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар байқауының жартылай финалына өтті. Жеңіске жеткен жағдайда ол 7,5 млн теңге мөлшерінде грант ала алады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыз-дай, 19 маусымда Қазақстанда жас ғалымдарға, өнертапқыш-тарға идеялардан бастап өз жобаларын жүзеге асыруға дейінгі қызықты жолдан өтуге мүмкіндік ұсынатын жыл сайынғы республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар байқауы жұмысын бастады («Архимедтерге арналған автобус»). Байқауды ұйымдастырушы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның (ТДҰА) қолдауымен Индустрия және жаңа технология министрлігі болып табылады. Өтініштер 1 тамызға дейін қабылданды. Биылғы жылы 576 өтініш берілді, бұл 2013 жылға қарағанда екі есе көп. Жобалар өңдеуші өнеркәсіпте (18,7%), ауыл шаруашылығында (15,2%), ақпараттық технологияда (9%) және энергетикада (7,8%) көп болды. Ал туризм (0,6%), мейманхана бизнесі (0,6%), фармацевтика (0,5%) саласынан анағұрлым аз өтініш ұсынылды.

ТДҰА мен инвестициялар және даму министрлігі биылғы жылдың үздік 16 жобасын анықтады. Авторлар 4 қыркүйектен бастап «Хабар» арнасы бойынша таратылатын «Инновациялық форсаж» интеллектуалды теледидар шоуында оларды эфирде ұсынып, қорғайтын болады.

Байқау өткізілген 4 жыл ішінде алғаш рет жартылай финалға біздің өңірдің өкілдері де өткендігі қуантады. Облысқа кір жуатын «Айнадай» ұнтағын өндіруші ретінде танымал Құрманғазы ауданынан«НК-Әнуарбек» ЖШС ыдыс жууға арналған фосфатсыз гель өндіру жобасын ұсынды. Бұл гель экологиялық таза, құрамында фосфаты жоқ, бірақ майды жақсы шаяды, жуғаннан кейін ыдыста иісі қалмайды. Қазақстанда өнімнің аналогы жоқ. Бұл өтінімді байқау сарапшылары жақсы қаржылық және экономикалық көрсеткіштері бар дайын бизнес жобасы ретінде белгіледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.