Жазда қылмыстық ақпарларда велосипедтері жоғалған қала тұрғындарының арыздарынан көз тұнды. Негізінен оларды подъездерден ұрлап кеткен. Жақындакриминалды полицияқызметкерлері ұрының ұсталғандығы,оның 18 жастағы қала тұрғыны екендігі туралы баянат берді.
12 маусымда ол «Центурион» велосипедін Азаттық даңғылының бойындағы үйлердің бірінің кіре берісінен алып кеткен. Бірер аптадан соң осындай әдіспен «Старс» велосипедін ұрлап алған. Бұдан басқа, оның «есебінде» тағы екі велосипед пен пәтерге кіріп, ұялы телефон ұрлау қылмыстары да бар.
– Жалпы оған бес эпизод бойынша айып тағылып отыр, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. –Қазіргі уақытта ол басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. ҚР ҚК-нің 175-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Анастасия ПАСТУХОВА