Атырау, 3 қазан 03:32
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Жын ба, шын ба?

10 144 просмотра

Бірнеше күннен бері Атырау қаласының маңындағы Дамбы ауылында тылсым құбылыстар болып жатыр.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, осы он күн ішінде екі әйел адам өз-өзіне қол жұмсап, екі адам құтырып ауырған. Тұрғындар бұлардың ішіне жын кіріп кеткен деп есептейді. Ел іші үрейлі. Адамдар кешқұрым сыртқа шықпай, балаларын ойнауға жібермеуде.

Дамбы ауылдық округының әкімі Ұзақбай БАЙЗУЛЛИННІҢ айтуынша, жыл басынан бері ересек адамдардың өздеріне қол жұмсаған 4 оқиға тіркелген. Қазір екі әйел адам психикалық аурулармен ауырып жатыр.

- Осылардың алдын алу мақсатында ауылға орталық мешіт қызметкерлерін шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Ауылға облыстың бас имамыбастаған бір топ имамдар келіп, тұрғындарға мән-жайды түсіндірді. Ауыл болып жиналып, садақа бергелі жатырмыз,- дейдіҰ.Байзуллин.

Осы мәселеге қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан МАНСҰРОВТАН түсінік беруді өтінген едік:

- Жын деген бізге Құран мен хадистен белгілі мақұлық. Періштелер адамға пайда келтіру үшін нұрдан жаратылса, жын-шайтан адамдарға қарсы әрекет жасайды... Біз бұдан бір-екі апта бұрын Дамбы ауылында адамдар өздеріне қол жұмсап, желігіп ауырып жатырғандары жөнінде естідік. Сондықтан да мен облыстың бас имамы ретінде қала мешіттерінің имамдарын ертіп, сол жерге бардым. Халықты жинап, түсінік жұмыстарын жүргіздік... Жалпы жын-пері лас жерлерде жүреді. Сондықтан да жеке бастың тазалығымен қатар үйдің айналасын, ауылды таза ұстау керек.  

Қайырбек САНСЫЗБАЕВ

8 қазан 2014, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.