Атырау, 3 қазан 03:38
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Азербайжандық мейман

1 619 просмотра

7 қазанда Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ Азербайжан Республикасы Бас консульдығының делегациясын қабылдады.   

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Азербайжан Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Рашад МАММАДОВ пен Н. Ожаев бизнес, білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы ынтымақтастықты талқылады.    

Естеріңізге салсақ, өткен жылы Атырау қаласының делегациясы Азербайжанға барып, қаламыз Ширван қаласымен туыстас болған еді. Сол сапардан кейін «мұнайлы астанаға» «Азерсун» және «Азерэнерджи» компанияларының өкілдері келіп, екі жақтың қатысуымен біріккен кәсіпорын құру туралы мәселе талқыланған болатын.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 қазан 2014, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.