«Теңізшевройл»ЖШС заманауи диагностикалық жабдықтар сатып алуға және Атырау облысы ауруханаларының дәрігерлерін оқытуға 4 миллион доллар бөледі.
Бұл туралы 7 қазанда «Ренессанс» қонақ үйінде өткен конференцияда «Шеврон» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Джон УОТСОННЫҢ жұбайы және бас атқарушы директоры Дайан УОТСОН осы корпорация басшылығының Атырау қаласына іссапары кезінде мәлімдеді.
Қаржының негізгі бөлігі облыстық кордиологиялық ауруханаға, облыстық балалар ауруханасы жанындағы сурдологиялық орталыққа және облыстың жеті емханасына жабдықтар сатып алуға жұмсалады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ