Атырау, 25 қараша 00:47
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркияда коменданттық сағат енгізілді

2 378 просмотра
Түркия билігі елде коменданттық сағат орнатты. Басты себеп - күрділердің баскөтеруі кезінде 14 адамның қаза табуы. Сондай-ақ, тағы ондаған адам зардап шеккен деп хабарлайды Associated Press.

Коменданттық сағат Диярбакыр, Мардин, Сиирт, Муш, Ван, Батма провинцияларында енгізілді. "Көтерілісшілер тарқауы тиіс. Тарқамайтын болса соңы ауыр жағдайларға алып келуі мүмкін. Күш қолдану жауапсыз қалмайды" деді Түркияның ішкі істер министрі Эфкан Ала.
Айта кетейік, 6 қазан күні басталған наразылық шерулерінің салдарынан көптеген дүкендер тоналып, полиция өкілдері зардап шекті. Көтерілісшілер тәртіп сақшыларына тас, шөлмектер және өзге де қатты заттар лақтырған. Полицейлер болса оларға қарсы жасаурататын газ бен су қолдануда.
Кеше 100-ге жуық күрді азаматы Брюссельдегі Еуропарламенттің ғимаратына басып кіріп, Еуроодақ елдерін "Ислам мемлекетіне" қарсы белсенді күресуін талап етті. Сонымен қатар, күрділер 6 қазан күні Нидерландының Гаага қаласында да бас көтерген болатын. Олар: "Кобани қаласына қолдау көрсетіңдер" деп ұрандатты.

Дереккөз: Baq.kz

8 қазан 2014, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.