Атырау, 25 қараша 00:28
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Грузиялықтар өз елінің «Грузия» деп аталуына қарсы шығып отыр

2 001 просмотра

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили қазан айының соңында Жапонияға сапары кезінде Токио басшылығынан өз мемлекетін басқаша атауды сұрамақ, деп жазады «Российская газета» басылымы.

Грузия елінің Ресейден кірген «Гурудзия» (орыс тіліндегі «Грузия» сөзі) атауымен аталуына ел басшылығы қарсы шығып, америкалықтар сияқты «Джорджия» деп аталуын қалайды.

Грузиялық «Имеди» телекомпаниясының деректеріне сүйенсек, Тбилиси басшылығы Балтық жағалауындағы елдердің билік орындарымен байланысып, орыстардан калька етіп алынған «Грузия» атауымен атамауды сұрап отыр. Елдің сыртқы істер министрі Майя Панджикидзенің айтуынша, қазір осы бағытта қыруар жұмыстар атқаралып жатыр. «Тбилиси билігі өз дегеніне әйтеуір бір жетпей-қоймайды», - дейді министр ханым.

Дереккөз: bnews.kz

8 қазан 2014, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.