Атырау, 25 қараша 00:27
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған экс-диктатор тағы 23 жылға сотталды

2 499 просмотра
Аргентинаның соңғы әскери диктаторы Рейнальдо Биньоне билікті заңсыз тартып алу /1976-1983/ жылдарында жасалған қылмыстары үшін 23 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сейсенбі күні Оңтүстік Америка республикасының соты оны 32 кәсіподақ белсендісін ұрлап, қинап, соңынан өлім жазасына кесуге қатысқаны үшін айыпты деп таныды. Экс-диктатормен бір іс бойынша сотқа тартылған бұрынғы генерал Сантьяго Омар Риверос өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ТАСС.

86 жастағы Биньоне түрлі қылмыстар үшін жалпы режимді түрмеде жазасын өтеуде. Бұдан бұрын диктатор үш рет өмір бойғы жазаға кесілген еді. Бұған қоса, оған «Кондо жоспары» деп аталатын операция аясында жасалған қылмыстарға қатысы бар деген айып тағылып отыр. Аталмыш жоспарды Аргентина, Боливия, Бразилия, Парагвай, Уругвай және Чили әскери режимдері саяси оппоненттердің көзін құрту мақсатында бірлесіп іске асырған екен.

1976 жылдың 24 наурызында Аргентинадағы билікті генерал Хорхе Рафаэль Видела бастаған әскерилер басып алған болатын. Парламент таратылып, комендант сағаты енгізілді, саяси партиялар мен кәсіподақтардың қызметі тоқтатылды, репрессия басталды. 1983 жылы генерал Рейнальдо Биньоне билікті президент Рауль Альфонсиннің азаматтық үкіметіне береді.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Аргентинада диктатура жылдары 18 мың азамат із-түссіз жоғалып кеткен. Алайда, құқық қорғау ұйымдарының ақпаратынша олардың қатары 30 мың адамға жетеді.

Дереккөз: bnews.kz

 

8 қазан 2014, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.