Атырау, 28 қараша 18:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ереуілшілер Жоғарғы Рада маңына қызанақ алып шықты

1 940 просмотра

Киевте ереуілшілер Жоғарғы Рада маңына қызанақ алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Украин парламентінің кіреберісінде ереуілге бірнеше партияның өкілдері жемқорлыққа қарсы заңдарды қолдауға шықты. Жоғарғы Рада маңына ереуілге жиналғандар шамамен 200 келіге тарта қызанақ әкелген, ереуілшілер қызанақты жемқорлыққа қарсы заңға дауыс бермеген депутаттарға арнайы әкеліпті.

"Жоғарғы Рада отырысына бүгін депутаттардың 70 пайызы келді, бұл дегеніңіз 450 адамның шамамен 300-і, дауыс бермегендердің бетіне қызанақ атылады немесе қоқыс жәшігіне отырғызылады – оның орны сонда", - дейді Жоғарғы Рада маңындағы ереуілге жиналған ұйымдастырушылардың бірі. Ал келмеген жүзге жуық депутаттың суреті үш тақтаға ілініп, белсенділер тақтаны қызанақпен атқылап тастады. Ереуілге шыққандар Украинада соғыс болып жатқанына қарамастан мемлекеттің қаражатын иемденіп жатқанына наразы.

Украина парламентіне келген премьер-министр Арсений Яценюк депутаттарға Рада тұңғыш рет Жемқорлыққа қарсы бюро құруы мүмкін екенін мәлімдеді. "Енді біз жемқорлыққа қарсы бюроны заңмен жасаймыз, бұл бюро шенеуніктердің тиімділігін бақылап отырады. Былайша айтқанда, ол депутаттың қандай қаржыға өмір сүретінін бақылайды. Барлық украиналықтың, оның ішінде, мемлекеттік қызметкерлердің жылжымайтын мүлік туралы барлық ақпараты жария етіледі", - дейді ол.

Яценюктың сөзінен кейін заң жобасына дауыс беру басталды. Жоғарғы Рада бірінші оқылымда жемқорлыққа қарсы президенттік заң жобасын қабылдады. 278 депутат заң жобасын қолдап дауыс берді. Бұдан басқа, жемқорлықтың алдын алатын Ұлттық комиссия құрылатын болды. Органның негізгі тапсырмасы декларация мен адамның өмір салтын бақылауын өткізу болады. Ұлттық комиссия құру заң жобасын 263 депутат қолдады.

Еске сала кетейік, бұл заң жобасын қазан айының соңына дейін қабылдау Халықаралық валюта қорының Украинаға қаржылай көмектесудің үшінші траншын қамтамасыз ету үшін басты талабы болып отыр. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроны құру туралы заң жобасын министрлер кабинеті "реанимациялық реформалар пакеті" жемқорлыққа қарсы топ мамандарымен бірлесе отырып жасаған және оны президент шұғыл жоба ретінде тіркеген. Мұның алдында Жоғарғы Рада маңында люстрацияға қарсы заңның қабылдануын жақтаған 250-ден астам адам митингке жиналған болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 қазан 2014, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.