Сәрсенбі күні, 8 қазанда сағат 19.00-де Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрда Дина Нұрпейісова атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі өзінің 57-ші маусымын «Атырау ән мен күйдің мұхиты» атты концертпен ашады.
Концерт бағдарламасында Динаның, Құрманғазының, Қорқыттың шығармаларымен қатар заманауи сазгерлер Еділ Құсайыновтың, Арман Жайымовтың шығармалары орындалады.
Концертте облыс пен республикаға танымал орындаушылар Аманжан Басығариев, Маржан Төреханова, Қайрат Какимов, Элла Куртиева, Тайыр Тәжіғұлов, Өнербек Жанбала және т.б. өнер көрсетеді. Оркестр шетелдік композиторлар Михаил Глинканың, Иоганн Брамстың, В. Андреевтің шығармаларын да орындайды.
Кіру тегін.