Атырау, 3 қазан 03:29
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Құрбан айтта ажал құшты (толықтырылды)

2 484 просмотра

Көрнекі суретКөрнекі суретАтырау облыстық әкімшілік полиция басқармасының штаб бастығы Арман МЕҢДАЛИЕВ хабарлағандай, 4 қазанда 7 сағат 40 минутта Атырау қаласындағы Атырау-Астрахан тас жолында орналасқан мал базарының маңында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды.

- Қой тиеген бортты УАЗ көлігі сол жаққа бұрылған кезде қарсы келе жатқан «Тойота-Авенсис» көлігін өткізбей, соқтығысып, жол жиегінде тұрған жаяу жүргіншілерді қағып кетті. ЖКО нәтижесінде жаяу жүргіншілердің бірі, 37 жастағы азамат Б. алған жарақат салдарынан сол жерде көз жұмды.

Оқиғаны көзбен көргендердің айтуынша, марқұм қой сатушы болған екен.

Кейінірек Атырау облыстық ІІД мынадай хабарлама таратты: «4 қазанда Атырау қаласының шетінде «УАЗ-3303» көлігі мен облыстық прокуратураның қызметтік «Тоуоtа Аvensis» көлігі жүргізушілерінің қатысуымен орын алған ЖКО фактісі (соңғы көлік 2 жаяу жүргіншіні қағып кеткен) бойынша ҚК ҚК-нің 296-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы қаулысы шығарылды. Тергеу жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды».

Облыстық ауруханадағылар бізге екінші жаяу жүргіншінің бұрынғыша жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. Екі жүргізуші де нейротравматологиялық бөлімшеге жатқызылған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 қазан 2014, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.