Жоспарды "Ислам мемлекеті" жасырын әскери лаңкестік тобының алты басшыларының бірі Абулла Ахмед әл-Месхедани (Abdullah Ahmed al-Meshedani) құруы мүмкін. Тексті 2014-жылдың наурыз айындағы тексеріс барысында ирандық арнайы қызмет өкілдері лаңкестік топ басшысының үйінен тапқан. Әскерілердің командирлеріне арналған құжатта Ирандағы ядролық технологияны басып алу туралы айтылған. Бүгінгі таңда батыстық арнайы қызмет өкілдері лаңкестік топтың 70-ке жуық әскері жоспарларын тексеріп жатыр.
Бұған дейін бірнеше рет "Ислам мемлекеті" содырларына байланысты саяси жанжал шыққан еді. Гарвард университетіндегі сөйлеген сөзі барысында АҚШ-тың вице-президенті Джо Байден Түркия, Сауд Арабиясы және БАӘ лаңкестерді қолдап, оларға қаржы бөлетінін айтқан еді. Бұл сөзге Түркия мен БАӘ басшылары наразылық білдірді. Кейіннен Байден телефонмен әңгіме барысында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғаннан кешірім сұрады. Ал Араб Әмірлігі басшыларын вице-президенттің сөзі таңқалдырған.
Дереккөз: tengrinews.kz