Атырау, 27 қараша 17:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Көгалдандыру бағдарламасы уақытша тоқтатылды

2 500 просмотра

«Көгалдандыру мәселесі аяқталды ма?» жарияланымы жарық көргеннен кейін қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі редакцияға біздің 21 тамыз 2014 жылғы сауалымызға жауап жолдады. Жауапта құны 2 млрд тұратын 2014-16 жылдарға қаланы көгалдандыру жұмыстары бойынша тендердің өткендігі расталған.

«2014-16 жылдарға Атырау қаласы мен елді мекендерді көгалдандыру бағдарламасы бойынша келесі көшелер бойынша 67 040 дана ағаш отырғызу жоспарлануда...», әрі қарай хатта көшелердің толықтай тізімі жазылған.

Телефон арқылы қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Серікбай ҚАЗИЕВ былай түсіндірді:

Көгалдандыру жөніндегі тендер өткізілді, бірақ біз бағдарламаны облыс әкімі суару жүйесін ойластыруды тапсырғаннан кейін уақытша тоқтатып қойдық. Қазір ескі суару жүйесін жөндеуге және жаңасын салуға қаржы сұрастыратын боламыз. Әзірге сомасын білмейміз, анықтауымыз керек.

Қалалық ТКШ бөлімінің жауабында биыл көгалдандыру жұмыстарына қаржылар бөлінгендігі айтылған: «Ағымдағы жылы облыстық әкімдік ғимараты алдындағы және Сәтпаев даңғылы бойындағы бұта қоршамдарын бұзу жұмыстарына, сондай-ақ Атырау қаласының көшелерінің бойына қызғалдақтар отырғызуға 77 млн теңге бөлінді. Осы ақшалай қаржыларға келесі жұмыс түрлері» орындалды: облыстық әкімдік ғимаратының алдына және Сәтпаев даңғылы бойындағы жалпы ұзындығы 4 812 метр учаскеге 33 684 дана бұта қоршамы (қарағаш), Сәтпаев даңғылы – Пушкин көшесі, Сәтпаев даңғылы – Құрманғазы көшесі, Абай көшесі – Азаттық даңғылы, Владимирский көшесі – Құрманғазы көшесі қиылыстарына, Махамбет пен Исатай алаңы мен облыстық әкімдік ғимаратының алдына жалпы алаңы 2 480 шаршы метр жерге 198 400 дана қызғалдақтың баданасы отырғызылды.

Жыл сайын гүлзарларды отырғызуға, оларды және жасыл желектерді (теректер мен газондарды) күтіп баптауға жергілікті бюджеттен 170 млн теңге ақшалай қаржылар бөлінеді. Осы қаржыға әрі қарай күтім жасау жұмыстарымен бірге гүлзарларды отырғызу (әрі қарай көшелер мен учаскелердің тізімі келтірілген – С.Т.), сонымен қатар орталық көшелердің жол бөлігінің жиегінде орналасқан жасыл-желектерге (теректер мен газондарға) күтім жасау жұмыстары орындалуда.

Бүгінгі күні Сәтпаев даңғылының бойында орналасқан суаратын су құбыры жұмыс режимінде қызмет етуде.

Қалада 27 субұрқақ бар. Жыл сайын техникалық қызмет көрсетуге жергілікті бюджеттен 20 млн теңге бөлінеді».

2 млрд теңгеге оралсақ, Қазиевтың айтуынша, ақшалар жергілікті бюджеттен бөлінуге тиіс болған. Бағдарлама уақытша тоқтатылғандықтан оған қаржы бөлінбейтін шығар. Бір қызығы – қалыпты суару жүйесінің жоқтығы туралы газетімізде әлденеше рет жазылды. Осы жазда қала тұрғындарынан суарудың жоқтығына қатысты шағымдар жеткілікті болды. Осыған байланысты мәслихат депутаттарына мынай сауал бар: миллиардтарды шашып, бюджет қаржылары бекітілген кезде олар не туралы ойлап отырады екен?

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

6 қазан 2014, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.