Атырау, 23 қараша 10:35
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ерланға қолдау көрсетейік!

2 070 просмотра

«Атырау. Маленькая страна» қоғамдық қорының «Анималотерапия» жобасы республикалық үздік әлеуметтік жобалар байқауына қатысып жатыр.

Бүгінде қоғамдық қор балалардың церебралды сал ауруы, аутизм және орталық нерв жүйесінің басқа да патологияларынан зардап шегетін балаларды оңалтуға арналған бірнеше жобаны жүзеге асырып жатыр: «Доман+» әдісі бойынша күндізгі лагерь, ерекше балаларға арналған және анималотерапия (иттермен қарым-қатынас жасау) арнайы мектебі. Жобалардың бас ұйымдастырушысы Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВ орталық жұмысын үнемі әлеуметтік желілерде жариялап, ерекше балалардың ата-аналарына аса қажетті ақпараттарды таратып, науқас балаларға көмектескісі келетін адамдарға мүмкіндік тудырады. Оның «Анималотерапия» жобасы облыстық байқауда үздік деп танылып, республикалық байқауға жолдама алды. Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік бағдарламалар министрлігінің сайтында дауыс беру жүріп жатыр. Кез келген адам Атырау облысының әлеуметтік жобасына https://www.enbek.gov.kz/ru/socopros сілтемесі арқылы дауыс бере алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 қазан 2014, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.