Атырау, 25 қараша 00:25
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Дэвид Кэмерон Кабулде келіссөздер өткізеді

1 280 просмотра

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон (сол жақта) мен Ауғанстанның жаңадан сайланған президенті Ашраф Ғани. Кабул, 3 қазан 2014 жыл.Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон (сол жақта) мен Ауғанстанның жаңадан сайланған президенті Ашраф Ғани. Кабул, 3 қазан 2014 жыл.

Ауғанстанға сапармен келген Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон бүгін осы елдің жаңа басшылығымен келіссөздер өткізеді.

Кабулда Кэмерон Ауғанстанда әскери қызмет атқарып жүргенде қаза тапқан британ сарбаздарын еске алды. Ауғанстанда Ұлыбританияның 453 азаматы мерт болған. Сонымен бірге Кэмерон ауған жеріндегі әскери іс-қимылдарға қатысып жараланғандарды да атап өткен.

2001 жылы АҚШ бастаған халықаралық коалиция радикалдық исламшыларға қарсы операция басталғаннан бергі уақыт ішінде бұл ел біртіндеп өзгеріп жатыр деді британ премьері. Ауғанстанды қорғауға қабілетті дербес армиясы мен полициясы нығайып келеді деді Кэмерон.

Ұлыбритания үкіметінің жетекшісі Ауғанстанға осы елдің жаңадан сайланған президенті Ашраф Ғани қызметіне ресми түрде кіріскеннен соң бірнеше күннен кейін келіп отыр. Ғани қызметіне кіріскенге дейін Ауғанстанда президент сайлауы екінші кезеңінің нәтижесіне қатысты дау-дамай бірнеше айға созылған болатын.

Дереккөз: Азаттық радиосы

3 қазан 2014, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.