Атырау, 27 қараша 17:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Біздің сүңгуірлер – Сырдарияда

1 718 просмотра

Сырдария өзенінің біздің Жайықтан ерекшелігі қандай екенін атыраулық бес құтқарушы біліп келді. Олар Қызылордада өткен респубилкалық «Нептун-2014» оқу-әдістемелік жиынына қатысқан еді.

– Сырдария енді және тереңірек өзен. Алайда суда көру мүмкіндігі Жайықтағыдай – нөлдік деуге болады, - деп бөлісті олар алған әсерлерімен. – Ал жалпы, тапсырмалар едәуір қиын болды. Бірақ біз басқа облыстың жігіттерінен кем түспедік. Тіпті кей жерлерде олардан озып кеттік деп есептейміз.

Атырау облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің бастығы Ершат ҚИБАШЕВТЫҢ айтуынша, жиынға елдің бүкіл өңіріндегі құтқарушы сүңгуірлер, сонымен қатар ОҚО аэромобильді жасағы мен Байқоңыр қаласындағы Ресей ТЖМ филиалынан – барлығы 18 команда қатысқан.

– Сайыс үш кезеңнен тұрды: жалпы физикалық, құтқарушылық және сүңгуірлік даярлық, - дейді Е.Қибашев. – Соңғы күн өте қызықты өтті: жігіттерге нөлдік көру мүмкіндігімен, тек жоғарыдан беріліп тұрған сигналдарға ғана бет түзеп, су астында жүру керек болды. Содан соң суға батқан машинадан бағалы жүктерді тауып, соңғы тапсырманы – суға батқан адамның макетін табу керек болды. Мұндай шаралар құтқарушыларда әрдайым да позитивті ағынмен өтеді. Біздікілер әріптестерімен тәжірибе алмасады. Жалпы бұл үлкен серпіліс пен үлкен әсер береді. Келесі жылы тағы да барамыз.

Анастасия ПАСТУХОВА

3 қазан 2014, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.