Атырау, 25 қараша 01:01
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ: Мәскеу Украинаға қару-жарақ беріп отыр

1 761 просмотра

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд.АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд.

АҚШ билігі Ресейді 5 қыркүйекте жасалған бітімге қарамастан, Украинадағы сепаратистерге қару-жарақ жөнелтуді бұрынғысынша жалғастырып келеді деп айыптады.

Бұл туралы Вашингтонда өткен АҚШ пен Орталық Еуропа стратегиялық форумынан соң АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия бойынша көмекшісі Виктория Нуланд мәлімдеген.

Мәскеу болса мұндай айыптауларды негізсіз деп атап, сепаратистерге қару-жарақ бергені туралы ақпараттарды жоққа шығарып келеді.

Соңғы күндері Донецк қаласында ұрыс қимылдарының үдеп кеткеніне қарамастан, Украинаның шығысындағы атысты тоқтату туралы жасалған бітім ресми түрде әлі өз күшінде.

«Бұл жерде ешқандай әскери шешім болуы мүмкін емес: егер Ресей Украинаны басып-жаншуды жөн деп тапса, армиясы әрқашан басымдылыққа ие болады» деп мәлімдеген Нуланд.

Дереккөз: Азаттық радиосы

3 қазан 2014, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.