«Атырау жылу жүйелері» АҚ вице-президенті Андрей ЖАНДИННІҢ айтуынша, 2 қазанда Атырау қаласының бүкіл магистральды, кварталдық жүйелері мен жылу қосындары жылыту маусымына дайын.
Ауруханаларға, емханаларға, мектептер мен балабақшаларға жылу беру бүгін аяқталуы тиіс. Тұрғын үйлерге жылу беруге қалалық әкімдіктен әлі нұсқау алынбаған.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікбай ҚАЗИЕВТЫҢ айтуынша, үйлерге жылу беру үшін оған қалалық ПИК-тердің төрағаларынан рұқсат алу керек екен. Атырау қаласында әдетте жылу беру маусымы 15 қазаннан басталады. Алайда ереже бойынша, егер көшедегі ауа температурасы үш күн бойына 8 градустан жоғары көтерілмесе, суық ауа-райына байланысты жылу беруге болады.
С.Қазиев 2 қазандағы ахуал бойынша қаладағы үйлердің 1 пайызы жылу қабылдауға дайын емес екен. Қанша үй екенін ол хабарламады. Соңғы мәліметтер бойынша, Атырау қаласында көпқабатты 932 үй бар. Яғни, әлі күнге дейін 9-10 үй жөнделмеген болғаны.
«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының гидрометеобақылау қызметінің жетекшісі Татьяна АКАТЬЕВАНЫҢ айтуынша, соңғы үш күнде Атырауда 30 қыркүйекте – 7 градус, 1 қазанда – 14 градус, 2 қазанда – 7 градус температура болған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ