Атырау, 3 қазан 01:42
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Атырау Қала күнін қалай атап өтеді?

3 359 просмотра

4 қазанда сағат 10-да Балықшыдағы спорт кешенінде мерекелік бағдарлама: ұлттық ойындар (қазақша күрес, асық ату, садақ ату, мини футбол турнирі) мен концерт басталады. Нұрсая ықшамауданының тұрғындары сағат 10-да «Атаба» супермаркетінің алдындағы концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Осы уақытта орталық бассейнде су полосы бойынша қалалық турнир өтеді, ал «Мұнайшы» стадионының алдындағы алаңда концерт болады. Концерттен кейін ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өз жұмысын бастайды. «Мұнайшы» ДСК-де сағат 14-те годзю-рю карате бойынша қала біріншілігі басталады. 4-5 қазанда Д.Нұрпейісова атындағы Мәдениет сарайында «КВН» ойынының жартылай финалы өтеді (ашық лига және мектеп лигасы).

Облыстық әкімдік алдындағы алаңда да 4 қазанда көптеген шаралар өтеді. Сағат 11-де жастар арасында жеңіл атлетика бойынша кросс, сағат 15-те Жылыой ауданы әртістерінің концерті басталады.

Бұл күні осы жерде «Үздік аула», «Үздік подъезд» және «Таза аула» байқауларының жеңімпаздарын марапаттайтын болады. Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала концерт облыстық әкімдік алдында сағат 20.00-де басталып, мерекелік отшашумен аяқталады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 қазан 2014, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.