Атырау, 3 қазан 01:36
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Телефон лаңкесінің күзгі "әзілі"

2 859 просмотра

Кеше, 1 қазанда, сағат 18.35-те «102» қызметінің пультіне Авангард ықшамауданындағы №19 мектепке жарылғыш құрылғысы салынғандығы туралы құпия қоңырау келіп түсті.

Өз ұялы телефонынан қоңырау шалған ер адам, оның мойындауынша, өзіне белгісіз 40 жастардағы ер адамның мектеп ауласына жарылғыш құрылғысы салынған пакетті қалдырып кеткенін растады.

– Сол жерге бірден Атырау қалалық ІІБ «Батыс» патрульдік жасағы жетті. Бүкіл іргелес аумақ қоршауға алынды, мектептегі адамдар – оқушылар, қызметкерлер, мұғалімдер мен келушілер, барлығы 50-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. – Осы жерге басқа құқыққорғау органдары мен облыстық ІІД-нің «Арлан» арнайы бөлімшесінің өкілдері келіп, мектеп ғимараты мен іргелес аумақты қарап шықты. Жарылғыш құрылғысына ұқсас күмәнді заттар табылмады. Арнайы жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында ішімдік ішкен 1963 жылғы ер адам ұсталды. Оның мекен-жайынан 102-ге қоңырау шалынған ұялы телефон табылып, алынды.

ІІД ақпараты бойынша, ұсталушы жалған хабарламамен қоңырау соққан өзі екенін жасырмады. ІІБ тергеу бөлімінің тергеушілері ҚР ҚК-нің 242-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады («Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау»). Ұсталушы Атырау қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұрын осы секілді қылмысы үшін сотталғандығы және 3 жылға шартты жазаға кесілгендігі белгілі.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

2 қазан 2014, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.