Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ таяуда тыйым салғанына қарамастан құны 2 млрд теңге болатын 2014-16 жылға қаланы көгалдандыру жөніндегі тендер өткізілді.
Естеріңізге салсақ, 10 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында облыс әкімі көгалдандыру бағдарламасы туралы айтқанда қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВҚА көгалдандыру бағдарламасын «тежеуге» - оны қайта жасап, суару жүйесін ойластыруға тапсырма берген еді.
Сессияда көгалдандыру тендері әлі өткен жоқ деп жобаланған болатын. Алайда, мемлекеттік сатып алулар туралы сайтта (http://portal.goszakup.gov.kz/portal/index.php/ru/oebs/showbuy/727621 сілтемесі) Атырау қаласын 2014-2016 жылға көгалдандыру тендерінің мәртебесі аяқталған деп белгіленген.
Уақытына қарағанда, 2014 жылдың 4 қыркүйегінде қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары (тапсырыс беруші) 2014-2016 жылдарға Атырау қаласын көгалдандыру жұмыстарына қайтадан конкурс жариялаған. Сомасы – азды-кемді 2 млрд теңге. 2014 жылғы 9 қыркүйектегі қорытындылар хаттамасына сәйкес, «АтырауЗеленСтрой Лтд» ЖШС электронды конкурстың жеңімпазы деп танылған. Хаттамадан үзінді келтірейік: «Тапсырыс беруші «Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ-не «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңының 37-бабының 1-ші және 3-ші тармақтарында көрсетілген мерзімде «АтырауЗеленСтрой Лтд» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарт жасасын. Төраға Серікбай ҚАЗИЕВ (Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы – С.Т.)».
Көгалдандыру тендері сессияға бір күн қалғанда аяқталғанын ескерсек, Ізмұхамбетовтің қандай тыйым туралы айтқандығы түсініксіз болып отыр.
Айта кету керек, мемлекеттік сатып алулар туралы сол сайтта, хаттама қорытындысына сәйкес, «АтырауЗеленСтрой» 70 млн теңге сомада бірнеше лотты ұтып алған: 12 млн теңге (облыстық әкімдік ғимараты алдындағы бұта қоршамын бұзу және орнату), 28,2 млн теңге (Сәтпаев даңғылы бойындағы бұта қоршамын бұзу және орнату), 28,8 млн теңге (Атырау қаласы бойынша қызғалдақтың баданасы отырғызылатын гүлзарларды қайта жарақтау).
Сол кезде мемлекеттік сатып алулар жөніндегі сайтта «Көгалдандыру жұмыстары» деген атаумен 107,1 млн теңге және 44,6 млн теңге сомада лоттар жарияланған еді.
21 тамызда біз Серікбай Қазиевтің атына қай бюджеттің және қандай бағдарламаның аясында көрсетілген сомалар бөлінгендігін түсіндіру өтінішімен сауал жолдаған болатынбыз. Әлі күнге дейін жауабын алған жоқпыз.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА