Осынау құжатқа сәйкес, келесі жылдың жазынан бастап азық-түлік сататын дүкендер өнімдерін бір реттік пластика қалталарына салып бермейтін болады. Ал, 2016 жылдан бастап дәріханалар мен шағын маркеттер де аталған қалтадан түгел бас тартпақ. Ал, оның орнын құны 10 цент тұратын қағаз қалталар басатын болады.
"Біз әлемде алғашқы болып пластик пакеттерге тыйым салып отырмыз. Енді біздің артымыздан еретіндердің қатары артады деген үміттеміз" деді губернатор.
Ал, пластик пакеттерін шығарушылардың ұлттық коалициясы бұл заңға түбегейлі қарсы шығып отыр. Олар 2015 жылы күшіне енетін заңды болдырмау үшін референдум ұйымдастырмақ.
Дереккөз: Baq.kz