Атырау, 25 қараша 01:08
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытай Instagram-ға тыйым салды

2 362 просмотра

Қытай билігі Гонконгта қазіргі сайлау жүйесіне қарсы наразылықтың күшеюіне байланысты фотосуреттер және бейнежазбалармен алмасуға мүмкіндік беретін Instagram желісін жауып тастады, деп хабарлайды Trend.az.

Агенттіктің мәліметінше, жергілікті Weibo әлеуметтік желісінде «Occupy Central» тіркесі «қара тізімге» енгізілген. Бұл әлеуметтік желіде пайдаланушылар полицейлердің жаз ағызғыш газ және резеңке оқтарды пайдаланып жатқанын растайтын айғақтарды салып қойған.

Гонконгта осымен екінші күн наразылық акциясы жалғасуда. Сенбі күні Occupy Central наразылық қозғалысының ұйымдастырушылары Гонконгта сайлауды демократияландыруды талап етіп, қаланың бизнес орталығын қоршауға алуды бастаған еді. Шеруге шыққандар үкіметтік кешеннің аумағына да кіруге әрекет жасаған көрінеді.

Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік ауданының әкімшілік басшысы Лян Чжэньин сайлау реформасы бойынша консультациялардың жаңа кезеңін өткізетінін мәлімдеп, алғаш рет наразылық шеруіне шыққандарды «заңсыз» демонстрация ұйымдастырмауға шақырды.

Дереккөз: bnews.kz

 

29 қыркүйек 2014, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.