19 қазанда Атырауға кезекті рет «Клиникалық реабилитология институты» ЖАҚ (Тула қ.) мамандары келмекші. 2007 жылдан бері олар балалар церебралды сал ауруына шалдыққан мыңнан астам қазақстандық балаға ота жасады.
Тулалықтар емдеудің негізгі әдісі ретінде медицина ғылымдарының докторы Валерий УЛЬЗИБАТ ойлап тапқан ерекше хирургиялық әдіс – кезеңдік фибротомияны қолданады. Ресей мамандарының келуі туралы хабарды тек Атыраудың ғана емес, Қазақстанның басқа да өңірлерінің ата-аналары тағатсыз күтуде. Оларға балаларын әкелу үшін Тулаға барғаннан Атырауға келген оңай.
Тулалық дәрігерлер 19-26 қазан аралығында бір апта бойы ота жасайды. Ота арқылы емдеуді қажет ететін балалардың ата-аналары анықтамаларды келесі телефондар арқылы ала алады: 8 701 154 4219 және 8701 605 52 63.
Зульфия ИСКАЛИЕВА