Атырау, 24 қараша 23:41
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Полковник гранатаны денесімен жауып, сарбаздарды аман алып қалды

1 544 просмотра

Ресейдің әскери полигонында қазақ полковнигі гранатаны денесімен жауып, қасында болған сарбаздарды құтқарып қалды. Ең ғажабы, оны өзі жарылыстан аман қалған, деп жазады ҚазАқпарат «Экспресс-К» басылымына сілтеме жасай отырып.

Свердловск облысының Лесное қаласында Ішкі әскердің 3275 әскери бөліміндегі оқу-жаттығулар кезінде кіші сержант Теленин қолындағы РГД-5 гранатасын түсіріп алған. Сол жерде болған бөлім командирі, полковник Серік Сұлтанғабиев ойланбастан гранатаны денесімен басып қалады. Соның арқасында жарылыстан сарбаздардың ешқайсысы зардап шекпеген, бірақ олардың құтқарушысы, командир ауыр жараланады. Полковник Сұлтанғабиев жедел жан сақтау бөліміне жеткізіліп, оған Екатеринбургтен арнайы тікұшақпен келген Ресей ІІМ Ішкі әскері, №5 әскери госпиталі дәрігерлерінің реанимациялық бригадасы операция жасап, полковникті аман алып қалады. Басылымның жазуынша, мамандар Сұлтанғабиевтің өміріне қауіп жоқ екенін айтты

Дереккөз: 24.kz

26 қыркүйек 2014, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.