Атырау, 24 қараша 23:25
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Стивен Сотлофф пен Джеймс Фоулиді өлтіргендер анықталды

1 571 просмотра

АҚШ-тың федералдық тергеу бюросы америкалық журналистер Стивен Сотлофф пен Джеймс Фоулидің басын алған адамның аты-жөнін анықтады. Бұл туралы CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып, «24 KZ» телеарнасының Вашингтондағы меншікті тілшісі Жігер Сәрсен хабарлайды.

Арнайы брифинг барысында ФТБ-ның директоры Джеймс Коми қос журналисті азаптап өлтірген «Ислам мемлекеті» терроршыларының жеке басы анықталғанын жеткізді. Алайда олардың есімдері әзірге жарияланбайтынын айтты. Тек белгілісі, содырлар таратқан үш бейне жазбадағы баскесердің дауысы бірдей болып шықты. Әрдайым беттеріне бетперде мен үстеріне бірыңғай қара түсті киім киіп, қолдарына пышақ ұстаған олардың ағылшын тілдерінде британдық ерекшеліктер байқалған. Ал АҚШ сарапшылары болса, бейнежазба арқылы басынан бақайшығына дейін қарамен тұмшаланған қанішердің сықпытына немесе даусына қарап оның кім екенін анықтау тіпті мүмкін еместігін алға тартуда. Естеріңізге салсақ, Ливия мен Сириядағы қақтығыстар жайында жазып жүрген америкалық журналист Джеймс Фоули осы жылдың 19 тамызында ең алғашқы болып «Ислам мемлекеті» экстремистерінің құрбанына айналғаны белгілі. Ол қаскөйлердің қолына 2012 жылдың 22 қарашасында түскен болатын. Терроршылар көп ұзамай тағы бір америкалық журналист Стивен Сотлоффтың да басын алды. Ал үшінші құрбан – британдық қайырымдылық ұйымының қызметкері Дэвид Хейнс.

Дереккөз: 24.kz

26 қыркүйек 2014, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.