Атырау, 24 қараша 23:51
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Литва валютасын еуроға ауыстыратын болды

1 586 просмотра

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Литва жалпыеуропалық валютаға көшеді. Елдің монета сарайы 97 млн еуро монетасын соғып шығарып та қойды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Литва банкінің басқарма төрағасы мәлімдегендей, жыл соңына дейін тағы осыншама монета дайындау жоспарланып отыр. Осы және келесі жылы елдің Монета сарайы ұлттық символика бейнеленген түрлі номиналды 370 млн еуро монетасын соғып шығармақ.

Монетаның реверстік жағында Витис, немесе Витязь, не болмаса Қуғыншы – қолына қылыш ұстаған салт атты бейнеленген. Оны қоршай он екі жұлдыз орналасқан.

Айта кетсек, еуроға ауысуды сауалнамаға қатысқан халықтың тек 47%-ы ғана қолдап отыр, қалған 49%-ы бұған қарсы. Бір қызығы, тұрғындардың 5%-ы елдің еуро валютасына көшкелі отырғанынан мүлде бейхабар болып шықты.

Дереккөз: bnews.kz

 

25 қыркүйек 2014, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.