Атырау, 26 тамыз 03:58
 дождьВ Атырау +27.5
$ 458.48
€ 534.68
₽ 5.43

Джохар Царнаевқа қатысты сот отырысы екі айға кейінге шегерілді

2 432 рет қаралды

Джохар Царнаев.Джохар Царнаев.АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылы Бостон марафонында болған жарылысқа кінәлі деп айыпталған Джохар Царнаевқа қатысты сот отырысы уақыты екі айға кейінге шегерілді, деп хабарлады ВВС.

Бірінші сот отырысы 2015 жылдың 5 қаңтарына белгіленді. Бұған дейін оның өтетін уақыты 3 қараша 2014 жыл деп хабарланған болатын.

Сот отырысын Бостаннан басқа қалада өткізу туралы қорғаушылардың өтінішін сот қанағаттандырмады.

Царнаевтің қорғаушылары Бостонда істі әділ өткізу мүмкін емес екендігін айтқан.

Дереккөз: inform.kz

25 қыркүйек 2014, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.