Атырау, 21 желтоқсан 14:53
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Линданың шеберлік дәрісі

1 953 просмотра

Атырауға карате годзю-рю бойынша жетінші дан алған әлемдегі жалғыз әйел өз шеберлігімен бөлісуге келді.

Линда МАРШАНДТ Тутингте (оңтүстік Лондон) тұрады және қаламызға жергілікті «Қайсар» спорт клубының шақыртуымен келген.

Кейін анықтағанымыздай, ол Қазақстанда бірінші рет болып тұр екен және қаламызға арнайы келіпті.Жергілікті каратешілер үшін бұл үлкен маңызды оқиға.

Өзінің туған қаласы Тутингте Линда негізін өзі қалаған, әлемге әйгілі Tooting Karate club клубында әйелдерді жаттықтырады.

- Мен бұрын Lloyds Banking Group және Шотландияның Корольдік банкінде басқарушы лауазымдарда жұмыс жасадым, алайда кейін осы жекпе-жек өнеріне біржолата кеттім, - дейді ол. – Егер бәрін есептейтін болсам, каратемен 38 жылдан бері шұғылданып келемін. Ата-анам мені 13 жасқа келгенде секцияға беріпті. Каратедегі жолым ұзақ болса да әлі жалғасын тауып келеді. Годзю-рю каратеден 7-данды Жапон елінде алдым. Ол жерде осы жекпе-жек түрінің хас шеберлерінің тексеруінен өттім.

«ЖС» анықтамасы
Ката – ойдағы қарсыласқа немесе бір топ қарсыласқа қарсы соққы бағыттау қағидаттарымен байланысты тәртіпке келтірілген қозғалыстар жүйесі. Катаны сан мыңдаған рет қайталау арқылы жекпе-жек түрімен шұғылданушы өз денесін санадан тыс деңгейдегі белгілі бір қозғалыстарға үйретеді. Осылайша айқас кезінде дене катаны қайталау арқылы жасаған рефлекстерінің негізінде «өзі» жұмыс жасайды. Сондай-ақ, катаның медиативтік әсері бар деп те есептеледі.

- Көбіне ер адамдар шұғылданатын осы спорт түрінде нәзік әйелге қиын шығар?

- Банкте жұмыс жасаған кезімде де менің қабілетіме күмәнданған ер адамдармен күресумен болдым. Алайда годзю-рю – ерекше спорт түрі, басқа дүние. Менің осы жетістігім басқа әйелдерге рух береді деп үміттенемін, өйткені окинавалық годзю-рю барша адамдар үшін ашық. Иә, қиындықтар болады, алайда күш сала жаттығу жасау арқылы барлығына қол жеткізуге болады. Қалаларыңыздың қыз-келіншектеріне арналған шеберлік дәрісімде мен энергетикалық катаны үйреттім. Барлығына ұнаған сияқты.

«Қайсар» СК Линда Маршандтың келуін ұйымдастыруға көмектескен «Жахан Атырау» ЖШС бас директоры Еркін Құрмановқа, OIL Tech Consultinq ЖШС атқарушы директоры Ақшолпан Иркеновке, «Дельфин» көлік жуу бекеті мен «Охота и рыбалка» дүкенінің иесі Елена Калмыковаға және «Санджак» мейрамханасының директоры Дениз Демирджиге алғыс айтады.

АнастасияПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

25 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.