Атырау, 27 қараша 16:36
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Еңбек құқығы

10 067 просмотра

Өңірлік мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы Атырау технологиялық мұнай және газ колледжін тексеруді аяқтады. Инспекторлар бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады.

Тексеру қорытындылары туралы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Әліпқали ДӘУЛЕТИЯРОВ әңгімелеп берді:

- Колледжде бірнеше жылдан бері жұмыс жасайтын екі қызметкермен белгілі бір мерзімге жаңа шарт жасалған. Бір жыл өткеннен кейін оларға белгіленген мерзімнің аяқталуына байланысты шарттың бұзылатыны туралы хабарлама берілген. Ал бұл еңбек заңнамаларын өрескел бұзу болып табылады. Еңбек кодексінің 129-бабына сәйкес, бұрын белгісіз мерзімге дейін жасалған шартты белгілі бір әрекет ету мерзімі бар шарт ретінде кері ресімдеуге тыйым салынады. Сонымен қатар, еңбек шарттарының мазмұны толықтай еңбек заңнамаларына сәйкес келмейді. Шартқа негізгі талаптар енгізілмеген.

Колледжге арнайы мамандықтары жоқ және басқа пәндерден сабақ беретін жас мамандар алынған. Сондай-ақ, оқытушы лауазымына біліктілік талаптарына сай келмейтін, осы мамандық бойынша қажетті еңбек өтілі жоқ мамандар тағайындалғаны да анықталды. Қызметкер жұмыстан босатылғанда пайдаланбаған еңбек демалысы үшін берілетін өтемақының сомасы толық төленбеген фактілер де анықталды. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.