22 қыркүйекте шамамен сағат 17.30-да «Ақжайық» табиғи резерватының «Каменное» және «Масабай» учаскелерінде қамыс өртенді.
Облыстық табиғат қорғау прокуратурасының мәліметі бойынша, «Каменное» учаскесінде тұтану алаңы 1 гектарды құраған. Қазіргі кезде резерват қызметкерлері өртті сөндірді. Ал «Масабай» учаскесінде бүгінгі, 24 қыркүйектегі ахуал бойынша, өрт әлі өшірілмеген. Өртті сөндіруге 48 қызметкер, 4 автокөлік, 4 автомашина, 6 жүзу құралы және 4 өрт сөндіргіш мотопомпалар жұмылдырылды.
Табиғат қорғау прокуратурасы ТЖ департаменті мен облыстық орман және аң шаруашылығы инспекциясына өрт шығу себебі мен жануарлар мен өсімдіктер әлеміне тигізілген зиянды анықтауға нұсқау берді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ