"Қазір АҚШ-та - сайлауалды кезең, сондықтан жақын уақытта сенат отырысында (НАТО-дан тыс ерекше мәртебелі серіктес - Авт.) бұл шешім қабылданбайды. Бірақ мұндай қарарды сенат қараша айында толықтай қабылдауы мүмкін", - деді Украина СІМ спикері.
Перебийнистің айтуынша, Украинаның НАТО-дан тыс ерекше мәртебесі туралы қарарды сенаттың сыртқы істер жөніндегі комитеті мақұлдаған. Алдағы уақытта сенат депуттары бұл мәселені дауысқа салады. "Бұл мәселе әлі күн тәртібінен түскен жоқ. Өйткені бұл шешімді сенат комитеті қабылдауды ұйғарып отыр. Жақын уақытта бұл шешім мақұлданады деп күтіп отырмыз", - деді дипломат.
Еске сала кетейік, Украина президенті Петр Порошенко НАТО елдерімен әрекеттестікті жоғарылату үшін АҚШ-тан ерекше мәртебе беруді сұраған болатын. Сондай-ақ ол Ресейге қарсы санкцияны күшейтуді сұраған. Кейіннен ол Украина АҚШ-тың НАТО-дан тыс арнайы одақтасы мәртебесін алмағанын хабарлады.
Дереккөз: tengrinews.kz