Атырау, 24 қараша 23:27
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Иранның зерттелген мұнай қоры 60 жылға, табиғи газы – 200 жылға жетеді

1 986 просмотра

Алматы. 23 қыркүйек. ҚазТАГ – Иранда зерттелген мұнай қоры 60 жылға, табиғи газы – 200 жылға жетеді, деп хабарлады ИрТАГ, ИИР ұлттық мұнай компаниясының геологиялық барлау мәселелері жөніндегі директор орынбасары Бахман Сулейманидің сөзіне сілтемелеп.

«Қолда бар болжамды ескере отырып, Иранда мұнай әлі 60 жылға, ал газ 200 жылға жетеді деуге болады», - деді Б.Сулеймани жергілікті БАҚ-тарға бюерген сұхбатында.

Оның айтуынша, 1979 жылғы ислам революциясынан кейін жүргізілген бағалау бойынша, Ирандағы мұнай қоры 20 жылға жетеді делінген, бірақ ел аумағында қарқынмен жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары қосымша тағы елеулі мұнай қорларын ашты.

Оның айутынша, осындай жұмыстардың негізгілері Парсы шығанағы, Оман теңізінің аумағы мен Загрос тау сілемдерінде жүргізіліпті.

Ресми мәліметтер бойынша билік мұнай өндірісін ирандық күнтізбе бойынша биылғы жыл соңына қарай, яғни 2015 жылғы 21 наурызға қарай, күніне 4 млн баррельге жеткізбекші. 

Дереккөз: ҚазТАГ

24 қыркүйек 2014, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.